ҰСТАЗДАР ОРТАСЫНДА «НЕ? ҚАЙДА? ҚАШАН?» АТТЫ ЗИЯТКЕРЛІК САЙЫСЫ БОЛЫП ӨТТІ…

0

ҰСТАЗДАР ОРТАСЫНДА «НЕ? ҚАЙДА? ҚАШАН?» АТТЫ ЗИЯТКЕРЛІК САЙЫСЫ БОЛЫП ӨТТІ…

Ұлы ақын Әлішер Науаиның туылғанына 580 жыл толуына орай және мектептегі «Өзбекстан жаңа ояну — үшінші Ренессанс» декадасы аясында ұстаздар ортасында «НЕ? ҚАЙДА? ҚАШАН?» атты қызықты зияткерлік сайысы ұйымдастырылды. Білім бәйгесіне әр әдіс бірлестіктердегі ұстаздар арасынан «Алғырлар», «Білгірлер», «Тапқырлар» топтары қатынасты. Сайыста қызықты логикалық, әр түрлі пәндер бойынша, Әлішер Науаи, Абу Райхан Беруний, Әмір Темір сынды ұлы тұлғалардың өміріне қатысты дүниетанымдық сұрақтар болды. Ойын есебі бойынша «Алғырлар» тобы алғырлықтарын танытып бірінші орынды, «Білгірлер» тобы екінші орынды, «Тапқырлар» тобы үшінші орындарға ие болды. Сайысқа мектеп директоры Р.Жүсіпбекова, директор орынбасарлары Қ.Жарасбаева, Г.Қожамұратовалар қатынасып, қорытынды сөзбен құттықтап, сайыскерлерге арнайы диплом, бағалы сыйлықтармен марапаттады.

                 

    

Javob yozish

Your email address will not be published.

%d такие блоггеры, как: